2009/10/25

Қазақстан елбасының Түркияға жасаған ресми сапары аяқталды

Comment This!
АСТАНА. Қазанның 24-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің Түркия Республикасына жасаған ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі. Елбасы Н.Назарбаев Анкара қаласында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының штаб-пәтеріне келді. Онда Мемлекет басшысы аталған ұйымның жұмысымен танысты. Сонымен қатар, ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдерімен әңгімелесті. Осы шара барысында Президент Н.Назарбаевқа «Еуразия» ордені табыс етілді.

>>

0 Comments:

Post a Comment